Карта сайта
Карта сайта
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайттың толық нұсқасы

  

1960 жылға дейін жұқпалы аурулар бөлімшесінің төсегі облыстық клиникалық аурухана құрамында болды. Жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі болып Келлер Александр Андреевич жұмыс жасады, облыстық денсаулық сақтау бөлімінің және Орал обаға қарсы күрес станциясының бас кеңесшісі болған ол жоғары білікті дәрігер, өзіне де, әріптестеріне де талапшыл талантты басшы еді.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының негізін салу тарихы 1960 жылдан басталады. Облыстық денсаулық сақтау бөлімінің 13.05.1960ж. №182 бұйрығы негізінде дербес қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы ұйымдастырылды, ол 35 төсек-орынға арналған жаңадан салынған бір қабатты ғимаратта орналасты. Бас дәрігер болып Н.И.Епанишников тағайындалды.   
Вирусты гепатиттер және аралас жұқпалар үшін екі бөлімше ашылды. 

Аурухана ашылған күннен бастап, К.Д.Таржиманова – 1-бөлімше меңгерушісі, Д.Г.Набережнова – 2-бөлімше меңгерушісі, ординатор дәрігерлер: П.П.Азовская, А.Т.Звягина, г.И.Денисов, А.А.Чернышенко, С.К.Сарсенгалиева жұмыс жасады.

Мейірбикелер: В.П.Цывунчик, Р.М.Булыгина, А.М.Гусева жұмыс жасады, алғашқы бас мейірбике Н.Е.Кравченко болды.

1961 жылдың ақпанынан жұқпалы аурулар ауруханасының 08.02.1961ж. №34 бұйрығымен дәріхана ұйымдастырылды, дәріхана меңгерушісі болып В.Т.Волчикова тағайындалды. 2007 жылға дейін дәріхана зарарсыз ерітінділер мен басқа да дәрілік құралдарды дайындауға арналған қажетті жабдықтармен жарақтандырылған болатын. 2003 жылдан дәріхана меңгерушісі болып Исжигитов Сисенғали Шармағамбетұлы жұмыс жасайды.

1961 жылдың қыркүйек айында рентген кабинеті ашылды, 1961-1997 жылдар аралығында рентгенодиагностика бойынша жұмысты жоғары санатты дәрігер В.В.Симбиркин басқарды.
Аурухананың негізі қаланған күннен бастап, клиникалық, биохимиялық, бактериологиялық зертханалар жұмыс жасай бастады, оларға медициналық орта білімі бар лаборанттар жинақталды. Жұқпалы аурулар ауруханасының 30.06.1965ж. №262 және 13.12.1965ж. №617 бұйрықтарына сай зертханалардың жұмысын жоғары білімді лаборанттар басқарды.  

1965 жылы 90 төсек-орынға есептелген 2 қабатты корпус салынып, пайдаланылуға берілді, 21.01.1966ж. №29 бұйрыққа сәйкес, онда 30 төсек-орынға арналған балалар бөлімшесі, 60 төсектік (40 балалар, 20 ересектер) сары аурулар бөлімшесі ашылды.

Аурухананың төсегінің қуаттылығы артып, 1969 жылы 200 төсекке жетті, ол мамандандырылған 2 балалар бөлімшесін ұйымдастыруға мүмкіндік берді: 35 төсектен секреторлық және инвазивті бөлімшелер, 65 төсектік аралас жұқпалар бөлімшесі (60 ересектердікі, 5 балалардікі), 65 төсектік гепатиттер бөлімшесі (40 ересектердікі, 25 балалардікі).
1999 жылы 70 төсектік, боксталған палаталары бар екі қабатты корпус пайдалануға берілді, онда 35 төсектік секреторлық және 35 төсектік инвазивті балалар бөлімшелері ашылды.
2006 жылы бас дәрігер болып Б.У.Бадашев және оның орынбасары К.И.Искалиев тағайындалды. Олар тәжірибелі басшылар, денсаулық сақтау үздіктері еді. Өздері еңбек еткен жылдары аурухананың материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша орасан жұмыстар атқарды. 2008 жылы Б.У.Бадашевтың тікелей басшылығымен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының барлық кешеніне қайта құру және күрделі жөндеу жүргізілді. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында күрделі жөндеу жүргізу барысында жалпы типтегі палаталар СанЕмН талаптарына сәйкес типтік бокстарға қайта жоспарланды. Аурухана заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандырылған. Қазіргі таңда аурухананың материалдық-техникалық базасы облыстағы ең үздіктердің бірі болып табылады, онда білікті, сапалы медициналық көмек көрсетіледі.

БҚО денсаулық  сақтау басқармасының 30.01.2011ж. №51 «Төсектерді қайта бейіндеу туралды» бұйрығы негізінде төсек қоры 180 төсекті құрады: 130 балалар төсегі, 50 ересектер төсегі.
БҚО әкімдігінің 20.11.2012ж. №213 қаулысымен және БҚО денсаулық сақтау басқармасының 22.11.2012ж. №1664 бұйрығы негізінде «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік мекемесі БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы облыс бойынша жұқпалы аурулар қызметінің ұйымдастыру-әдістемелік орталығы болып табылады. Жұқпалы аурулар ауруханасы базасында медицина колледжінің студенттері практикадан өтеді. БМСК жалпы тәжірибелік дәрігерлері мен мейірбикелері үшін және жедел жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлері үшін оқу-тренингтік орталық ұйымдастырылды.

Жұқпалы аурулар ауруханасы тәулік бойы жұмыс жасайтын стационарға, күндіз болатын палаталарға салуды талап ететін жұқпалы аурулармен сырқат пациенттерге мамандандырылған стационарлық көмек көрсетеді, сондай-ақ жұқпалы аурулармен сырқат пациенттерге кеңесші-диагностикалық және емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді.
2016 жылғы қаңтардан бастап, директор лауазымында жоғары санатты ұйымдастырушы, терапия бойынша жоғары санатты дәрігер, денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшы Ахметова Надия Абриковна жұмыс жасайды. Ол – тәжірибелі ұйымдастырушы, әділ, өзіне де, қызметкерлерге де талап қоятын, ұйымдастыру жұмысындағы тәжірибесін заманауи талаптармен шебер үйлестіре білетін басшы.  

Әр түрлі жылдары жұқпалы аурулар ауруханасын басқарған бас дәрігерлер:

  1. Н.И.Епашников – 1960-63ж.ж.
  2. А.А.Чернышенко – 1963-65ж.ж.
  3. А.И.Тебякина – 1965-66ж.ж.
  4. У.У.Жаналиева – 1966-69ж.ж.
  5. М.М.Полухина – 1969-83ж.ж.
  6. П.А.Король – 1983-88ж.ж.
  7. А.А.Пуховой – 1988-1994ж.ж.
  8. М.Б.Дусеев – 1994-2004ж.ж.
  9. Г.К.Кабдрахимова – 2004-2006ж.ж.
  10. Б.У.Бадашев – 2004-2015ж.ж.
  11. С.м.Жумагулов – 2015-2016ж.ж.
  12. Н.А.Ахметова – 2016 жылғы қаңтардан.

Жұқпалы аурулар қызметі шұғыл қызметке жатады және мамандардан тек терең білім мен дағдыны ғана емес, орасан зор эмоционалды және физикалық күш салуды талап етеді. Сонымен қатар инфекционисттер күн сайын ауру жұқтыру қаупіне душар болады.

Аурухананың қалыптасуына С.К.Сарсенгалиева, К.Д.Таржиманова, Ф.Д.Бижанова, Н.А.Елистратова, Г.И.Денисов, С.М.Мамашева, Б.Х.Имангалиева, О.К.Данилова, В.А.Тебякина, Е.А.Щеткина, Н.А.Ашғалиева, Н.А.Амреева, Г.Г.Камалова сынды дәрігерлер зор ықпал етті, аурухананы ұйымдастыру және оның дамуына көп еңбек сіңірді, өздерінің білімдері мен тәжірибелерімен бөлісе отырып, лайықты ізбасарлар дайындады.

Еңбек ардагерлері эстафетасын сауатты бастамашыл, жігерлі, медицинаға шын берілген дәрігерлер: Г.С.Нажимова, Н.М.Кабденова, Л.С.Сатрудинова, В.М.Запрометова, Б.Ж.Айтбаева, Н.Х.Даукариева, У.У.Нигметов, В.Б.Кенжебаева, Р.Т.Сапарова, М.А.Доскалиев, С.Б.Махамбетиярова, К.Б.Есекенова, Г.М.Ахметова, М.Б.Халилова және басқаларына табыстады.
Соңғы жылдары біздің ауруханамыз А.Т.Кандергалиева, К.А.Карагойшина, О.А.Апанасенко, А.У.Ермекова сияқты жас дәрігерлермен толықты.
Олар және басқалары жұқпалы аурулар қызметін жетілдіруде тұрғындарға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатында диагностикалау және емдеудің жаңа әдістерін енгізе отырып, қолдан келерлік үлес қосуда.   

Өмірбаян

Сұрақ-жауап

Сұрақ қою

 

 

Ахметова Надия Абриковна

Сізді менің блогымда көргеніме қуаныштымын!

ҚР Мемлекеттiк Туы

1992 жылы ресми қабылданған

 

ҚР Мемлекеттiк Елтаңбасы

мұралық, ерекше белгі

 

ҚР Мемлекеттiк Әнұраны

ұлттық салтанатты ән