Стационар-бөлімше

 

Қабылдау бөлімшесі

 «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК қабылдау бөлімшесі 1960 жылы аурухана ашылғанда ұйымдастырылды және сол күннен бастап жұмыс жасайды. Екі қабатты типтік ғимаратта орналасқан, көшеден жеке кіру және шығу есіктері, 2 қарау кабинеті бар. Науқастарды қабылдау тәулік бойы жүргізіледі, қабылдау белгілі нозологиялар бойынша жүреді. Қабылдау бөлімшесі жұмысының негізгі принципі тұрғындарға медициналық көмектің қол жетімділігін, пациенттерді дер уақытында аурханаға салуды қамтамасыз ету болып табылады.

 Бөлімше меңгерушісі бірінші санатты инфекционист дәрігер Н.А.Ашғалиева, аға мейірбике Б.Ж.Сахипова – жоғары санатты мейірбике. Кезекші дәрігерлер: балалар және ересектер инфекционисттері жұмыс жасайды.

View the embedded image gallery online at:
http://zko-infec.kz/kz/biz-turaly/rlymy.html#sigFreeId904114837c


1-бөлімше – ересектерге арналған аралас жұқпалар бөлімшесі

 Бөлімше 50 төсекке есептелген, жіті және созылмалы бруцеллез, жіті және созылмалы гепатиттер, тілмелі қабыну, жіті ішек жұқпалары, лакунарлық баспа, жіті респираторлық-вирусты жұқпа, жабық мекемелерден тұмау, токсоплазмоз, лямблиоз – амбулаториялық емдеу нәтижесіз болғанда, малярия, листериоз сияқты түрлі жұқпалы ауру патологиялары кезінде ересек пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.

  Аурухана бөлімшесі тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде жұқпалы ауру патологиясы бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. 
Бөлімше кадрлық және материалдық әлеуеті бойынша жақсы жарақтандырылған, жоғары деңгейде медициналық көмек көрсетеді.

 Денсаулық сақтау саласының проблемасы болып, тұтастай алғанда өткен жылдарда да жіті ішек жұқпалары болып қалып отыр. Онымен сырқаттану жоғары деңгейде қалып жалғасуда. Республикада денсаулық сақтауды құрудың негізгі бағыттарымен сәйкес, атап айтқанда, стационарлық көмек көлемін азайтып, амбулаториялық көмек көлемін ұлғайтумен байланысты жұқпалы аурулар ауруханасына сырқаты ауыр және орташа ауырлықтағы науқастар салынады, ал жеңіл дәрежелілері амбулаториялық жағдайда ем қабылдайды.   

 Бруцеллезбен сырқат науқастарды емдеудегі негізгі енгізілу 6 апта бойы үздіксіз антибактериялы терапия қолдану – негізгі препарат ципрофлоксацин болып табылады, кейін аурудың өту барысына байланысты 2-3 АБ препараттарын біріктіріледі. Осы терапияның тиімділігі бірнеше жыл бойы және ұзақ уақыт қайталап түсудің азаюымен расталады.

Бөлімше меңгерушісі Г.С.Нажимова – жоғары санатты инфекционист дәрігер, аға мейірбике Ә.С.Маужанова – жоғары санатты мейірбике.

 

   

2-бөлімше – ауа-тамшылық жұқпалар бөлімшесі (балалар)

  2015 жылдан бастап бейінді ауа-тамшылық балалар бөлімшесі құрылды. Төсек қоры 30 төсек-орынды құрайды. Бөлімше обструктивті бронхит, І-ІІ дәрежелі ЖТАЖ-мен пневмониялар, І-ІІ дәрежелі ларинготрахеиттер және басқа да аурулармен сырқат бір жастан үш жасқа дейінгі балаларға мамандандырылған көмек көрсетеді және емдеу жүргізеді.

 Бөлімше Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу бағдарламасы бойынша 5 жасқа дейінгі балаларға халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсету принциптерімен жұмыс жасайды. Бұдан басқа бөлімшеде балаларға күтім көрсету бойынша кеңестік көмек, жасына сай тамақтандыру бойынша, кейбір ауру симпомдары мен белгілері пайда болған кезде шұғыл медициналық қаралу туралы кеңестер жүргізіледі.  

Бөлімше меңгерушісі Г.С.Нажимова – жоғары санатты инфекционист дәрігер, аға мейірбике Ә.С.Маужанова – жоғары санатты мейірбике.

 

   

3-бөлімше – инвазивті (балалалар) бөлімшесі)

 Бөлімше 50 төсек-орынға есептелен, жіті ішек жұқпалары, тағамдық уытты жұқпалар, гельминтоздар және госпитальға дейінгі кезеңде диагностикалау және емдеуде қиындық тудыратын басқа да бірқатар жұқпалы ауруларды диагностикалау және емдеуге маманданған.

 Диагнозды растау үшін барлық қажетті зертханалық аспаптық зерттеу әдістері: бактериологиялық және биохимиялық талдаулар, қанды құрсақтық жұқпаларға зерттеу, ультрадыбыстық зерттеу, рентгенологиялық зерттеу т.б. жүргізіледі.   

 Кішкентай пациенттерді тексеру, емдеу және олаға күтім көрсетуге қосымша бөлімшенің медицина қызметкерлері баланы дамыту және тамақтандыру, қауіпті ауру белгілерін білу сынды түрлі сұрақтар бойынша аналарды оқыту бағдарламаларын және нұсқауларды практикаға асырады, қандай оқиғаларда дәрігерге қаралу қажеттігі туралы аналарға арналған арнаулы жадынамалар әзірленді. 

 Бөлімше жұмысы диагностикалау және емдеу хаттамалары негізінде құрылады. Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу жөніндегі ДДСҰ-ның бағдарламасын енгізу қарқынды жүріп жатыр. Бөлімше меңгерушісі – Б.Ж.Айтбаева – жоғары санатты дәрігер. Аға мейірбике Ж.И.Оразалина – жоғары санатты мейірбике.

 

   

4-бөлімше – секреторлық (балалар) бөлімшесі

 Төсек қоры 50 төсек-орынды құрайды. Бөлімше пациенттерге мамандандырылған көмек көрсетеді және жіті респираторлық вирусты жұқпалар және олардың асқынулары, аденовирусты жұқпалар, обструктивті бронхиттер, І-ІІ дәрежелі жіті тыныс алу жетіспеушілікпен пневмонияларды, І-ІІ дәрежелі ларингитотрахея ауруларын емдейді.

 Бөлімше Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу бағдарламасы бойынша 5 жасқа дейінгі балаларға халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсету принциптерімен жұмыс жасайды. Бұдан басқа бөлімшеде балаларға күтім көрсету бойынша кеңестік көмек, жасына сай тамақтандыру бойынша, кейбір ауру симпомдары мен белгілері пайда болған кезде шұғыл медициналық қаралу туралы кеңестер жүргізіледі. 

Бөлімше меңгерушісі Б.Ж.Айтбаева, аға мейірбике Г.С.Онайбекова – бірінші санатты мейірбике.

 

  

5-бөлімше – анестезиология-реанимация бөлімшесі

Реанимация бөлімшесі 6 төсек-орынға ашылған.

Құрылымдық бөлімшенің орналасуы – орталықтандырылған.

Медициналық газдарды орталықтандыру беру – бар.      

 Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі ересектерді де, балаларды да қабылдайды және этиологиясы әр түрлі жіті гемодинамика бұзылулары (гиповолемиялық, жұқпалы-уытты, геморрагиялық шоктар), өмірлік маңызы бар ағзалар мен мүшелер қызметінің жіті бұзылуы, жіті метаболизм бұзылуларымен жұқпалы ауру патологиялары бар науқастарға қарқынды бақылауды жүзеге асырады.

 Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде этиологиясы әр түрлі вирусты гепатиттер кезінде жіті бауыр қызметі жетіспеушілігі, жіті ішек жұқпалары кезінде сусыздану және уыттанудың ауыр түрлерімен, 2-3 дәрежелі ЖТАЖ-мен обструктивті бронхиттер, пневмониялар ларинготрахеиттер кезінде, сондай-ақ нейротоксикоздар, менингиттер мен менингоэнцефалиттер кезінде мидың ісуі және т.б. сырқат науқастар бақыланады.

 РҚТБ заманауи жабдықтар және аппаратуралармен (өкпені жасанды желдету, дефибриллятор, қадағалау мониторы, оттегі станциясы, инфузор және т.б.), трансфузиялық құралдар және ТМККК шеңберінде реанимация және қарқынды терапия үшін дәрі-дәрмектермен жарақтандырылған.

РҚТБ жанында тәулік бойы жұмыс жасайтын, зертханалық талдаулардың кең көлемін орындайтын зертхана қызметі бар.

Бөлімше меңгерушісі М.А.Доскалиев – жоғары санатты реаниматолог дәрігер, аға мейірбике Ү.И.Нұрмұханова – жоғары санатты мейірбике.

 

  

 

Поликлиника

 

Бактериологиялық зертхана

Зертхана меңгерушісі А.М.Досанова – жоғары санатты  бактериолог дәрігер. 
Бактериологиялық зертхана 24 медицина ұйымымен жұмыс жасайды, мынадай зерттеу түрлерін атқарады:

  • ішек топтары жұқпаларының бактериологиялық, серологиялық диагностикасы;
  • жұқпалардың тамшылық түрлері;
  • дезинфекция сапасын бақылау;
  • ішкі бақылау;
  • шыққан дақылдардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.

Жүргізілетін зерттеулердің негізгі көлемі дәстүрлі классикалық әдіспен жүргізіледі.

 Жұмыс барысында VITEK 2 COMPACT микробиологиялық анализаторы, 2 ламинарлық бокс, бактериологиялық анализатор, ИФА-анализаторвошермен пайдаланылады. Қазіргі таңда вирусты жұқпаларға (гепатиттер, цитомегаловирусты және герпесті жұқпалар) ИФА диагностика, қарапайымдылар тудыратын жұқпаларды диагностикалау (токсоплазмоз), бактериялы жұқпаларды (бруцеллез) диагностикалау жүргізіледі. Микробиологиялық анализаторды меңгерумен іріңді менингиттердің, зәр шығару жолдарының жұқпаларын этиологиялық құрылымын ажырату жақсарды.

 

   

Клиникалық зертхана

Клиника-биохимиялық зертхана меңгерушісі дәрігер лаборант К.Б.Есекенова.
Зертханада мынадай зерттеулер жүргізіледі:

  • жалпыклиникалық
  • биохимиялық
  • коагулогиялық
  • иммуноферменттік.

 Клиникалық зертханада жалпы қан талдауын зерттеу Қытайда өндірілген «Micro CC20+», «ВС300» заманауи автоматты гематологиялық анализаторда жүргізіледі. Олар қан жасушаларын көппараметрлік есептегіш болып табылады, қанның 18 параметріне шапшаң әрі дәл талдау жасауды орындайды, егер аспап 15 минут ішінде пайдаланылмаса, пневматикалық блок автоматты түрде сөнеді, бұл қызметі электр қуатын жұмсауды төмендетеді және аспаптың қызмет ету мерзімін ұзартуға әсер етеді. Сондай-ақ осы қызметпен талдауға дайындық жағдайы қуаттауды қосуға қарағанда жылдамырақ көрінеді.
Қышқылды-сілтілі жағдайды анықтау (микроэлементтер КФК-2-де қолмен жұмыс жасау әдісімен анықталады).
Ұжымның жауапты қарым-қатынасы және мейірімділігі әріптестер арасында жылы атмосфераны және емдеу-диагностикалық үдеріс сабақтастығын сақтауға мүмкіндік береді.

View the embedded image gallery online at:
http://zko-infec.kz/kz/biz-turaly/rlymy.html#sigFreeId73d2aafec0

Биохимиялық зертхана

 

Ультрадыбыстық зерттеу кабинеті (УДЗ)

 

Рентгенді диагностикалық кабинет

 

 

Басқа бөлімшелер

 

Шаруашылық бөлімі

 

Дәріхана

 

Бухгалтерия

 

Статистикалық бөлім

 

Азық-түлік блогы