Карта сайта
Карта сайта
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайттың толық нұсқасы

  

Емдеу-қорғау түзімі

Емдеу-қорғау түзімі пациенттердің стационарда болуы және емделуі үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін басты шарттардың бәрін қамтамыз етеді.

Ауруханаішілік түзім әр бөлімшенің ерекшелігіне сәйкес. Әр бөлімшеде «Күн тәртібі» ілулі тұр, оны пациенттер де, медицина қызметкерлері де сақтауы тиіс.
Күн тәртібі


600 - 700

Науқастарды ұйқыдан ояту, таңертеңгі жуынып-шайынулар, таңертеңгі емшараларды қабылдау

700 - 730

Дене қызуын өлшеу

730 - 745

Бөлімшені жинау, орын-жайды желдету

745 - 830

Таңертеңгі емшаралар

830 - 900

Таңғы ас

900 - 1200

Дәрігерлердің аралап қарауы, емшаралар

1200 - 1300

Дәрігерлердің пациент туыстарымен әңгімелесуі, пациенттерді аурухаандан шығару

1300-1400

Түскі ас

1400-1700

Тынығу сағаты

1700-1800

Кешкі емшараларды қабылдау

1800-1900

Кешкі ас

1900 - 2100

Кешкі аралап қарау, дене қызуын өлшеу, емшаралар

2130- 2200

Ұйқыға жату

Науқастарға күтім көрсету бойынша стационарда жатқан тұлғалар үшін

  1. Режиммен танысу және бөлімшенің жұмыс режимін сақтау.
  2. Науқасқа күтім көрсету бойынша медицина қызметкерінің нұсқауларын орындау.
  3. Баланы қатаң түрде дәрігер кеңесі бойынша тамақтандыру.
  4. Бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана стационарда болған барлық кезеңінде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
  5. Бір жастан асқан баланы емізетін ана стационарда тамақпен қамтамасыз етілмейді, бірақ тамақтануда дәрігер кеңесін ұстануы тиіс.
  6. Баланы бөгде біреуге және өз баласына күтім көрсету үшін жатқан тұлғаға қалдырмау.
  7. Ауруханаға келу және сәлемдемелерді беру уақтын қатаң сақтау:

11.00-ден 13.00-ге дейін.
17.00-ден 19.00-ге дейін.
8.  Палатаны таза ұстау.
9. Тамақ ішкен соң артынан жинау.
10. Дәрігермен әңгімелесу уақытын сақтау, 12.00-ден 13.00-ге дейін.
11. Мемлекет мүлкіне ұқыпты қарау.
12. Өрт қауіпсіздігін сақтау.

 


 

Құрметті азаматтар!

Құрметті пациенттер!

 

Елімізде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жоғары технологиялық медициналық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттің тиімді әлеуметтік-экономикалық саясатының арқасында    біздің елімізде әлі де жетілдірілмеген немесе көрсетілмейтін жоғары технологиялық қызметтерді алу үшін  пациенттерді шетелде ем алуға жолдау мүкіндіктері жүзеге асырылды.   

Бұл бағдарлама  қиын ауруларға медициналық көмекке қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.  

Егер Сізде  немесе сіздің балаңызда Қазақстан  Республикасының  Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген  аурулардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізім)  енгізілген аурулар  болған жағдайда  бюджет қаражаты есебінен  шетелде ем ала аласыз  (нормативтік құқықтық актілерге сілтеме).

Жоғарыда келтірілген тізімге кіретін  ауру  расталған   жағдайда,  сондай-ақ,  медициналық  мекемелерде  қолдануға рұқсат етілген барлық диагностикалау қолданылса және емдеудің әдістері оң  әсері болмаған жағдайда, Сіз тұрғылықты  жеріңіздегі  бейінді маманға бейінді   республикалық денсаулық сақтау ұйымына жолдама алу үшін жүгінуіңізге болады.      

Сәйкесінше, республикалық ұйым пациенттің құжаттары мен шетелде емделу қажеттілігі туралы қортындыны Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге  емдеуге жіберу туралы Жұмыс тобына (бұдан әрі - Жұмыс тобы) енгізеді.

Науқастың құжаттар  пакетін  алған күннен бастап  Жұмыс тобы шетелде емделуге өтініш берген науқастардың күту коды тізіміне  пациент туралы деректерді Күту тізіміне  енгізеді және шетелдік клиникалар іздестіруді жүзеге асырады.

Құжатты қарау туралы толық ақпарат алу үшін сіз “Univercity Medical center” корпоративтік қорының umc.org.kz ресми сайтына тіркеліп, Жеке кабинет  құруыңыз қажет.

Шетелге емделуге жіберу туралы шешімді  Қазақстан Республикасының азаматтарын жіберу бойынша Қазақстан Республикасының  Денсаулық сақтау министрлігінің Комиссиясы Жұмыс тобының жолдау маңыздығы мен кезектілікті есепке ала отырып ұсынған құжаттар пакетінің негізінде қабылдайды.       

Комиссияның оң шешімі қабылданған жағдайда Жұмыс тобы шетелдік медициналық ұйымдармен бюджет қаражаты есебінен медициналық қызмет көрсету үшін келісім жасасады.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Жұмыс тобының мамандарына хабарласа аласыз («Байланыс ақпараты» сілтемесі).

Өмірбаян

Сұрақ-жауап

Сұрақ қою

 

 

Ахметова Надия Абриковна

Сізді менің блогымда көргеніме қуаныштымын!

ҚР Мемлекеттiк Туы

1992 жылы ресми қабылданған

 

ҚР Мемлекеттiк Елтаңбасы

мұралық, ерекше белгі

 

ҚР Мемлекеттiк Әнұраны

ұлттық салтанатты ән