Карта сайта
Карта сайта
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайттың толық нұсқасы

  

Қазақстан Республикасының
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сай пациент және оның отбасының құқықтары

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілді көлемін) алуға, сондай-ақ, өз қаражаты, ерікті сақтандыру жүйесі және өзге тыйым салынбаған көздер есебінен ТМККК-нен тыс қосымша қызметтер алуға;
  2. ТМККК шеңберінде дәрілік құралдар және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамсыздандырылуға;
  3. диагностикалау, емдеу және күтім көрсету үдерісінде лайықты қарым-қатынасқа, оның мәдени және жеке басы құндылықтарына құрметпен қарауға;
  4. қандай да бір кемсітушілік факторларының әсерінсіз, тек медициналық критерийлер негізінде анықталатын медициналық көмек кезегіне;    
  5. отбасы, туыстары және достары, сондай-ақ, діни бірлестіктерге қызмет етушілер тарапынан қолдауға;
  6. өзінің құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы қызметтер құны, сондай-ақ, оларды ұсыну тәртібі туралы ақпарат алуға;
  7. медициналық қызмет көрсететін адамдардың аты және кәсіби мәртебесі туралы, сондай-ақ, медицина ұйымының ішкі тәртіп ережелері туралы мәліметтер ұсынуға;
  8. медициналық көмек пациентке ақпарат беріліп, оның ерікті түрде ауызша немесе жазбаша келісімінен  соң, ұсынылуы тиіс;
  9. өзінің денсаулығы, болуы мүмкін қатерлер туралы және емдеудің ұсынылған және баламалы әдістерінің артықшылығы туралы, емдеуден бас тартқан жағдайда, оның болуы мүмкін салдары, диагнозы, болжамы және емдеу шарасының жоспары туралы егжей-тегжейлі ақпаратты пациент үшін қол жетімді пішінде алуға құқылы.
  10. Пациент  өзінің денсаулық жағдайы туралы ақпаратты хабарлайтын тұлғаны тағайындауы мүмкін. Пациенттің ақпарат алудан бас тартуы жазбаша ресімделеді және медициналық құжатқа тіркеледі.
  11. Пациенттер құқықтарын қорғау денсаулық сақтау органдарымен, ұйымдарымен, сондай-ақ, олардың құзыреті шегіндегі қоғамдық бірлестіктермен жүзеге асырылады.
  12. Заңды өкілдер тарапынан жетелеу (бұған жол берілетін бөлімшелерде). Егер пациент кәмелетке толмаған немесе пациент денсаулық жағдайына байланысты өзінің құқықтарын пайдалана алмайтын болса, онда бұл құқықтар оның заңды өкіліне ұсынылатын болады. 
  13. Ұсынылған қызметтерге шағымдану, ұсыныстар мен пікірлер білдіру Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі арқылы жүзеге асады.
  14. Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған өзге құқықтар. 

Пациенттің міндеттері
ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сай пациент міндетті:

  1. өз денсаулығын сақтау және нығайту шараларын қабылдауға;
  2. медицина қызметкерлерімен қарым-қатынаста құрмет пен әдептілік танытуда;
  3. диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті барлық ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуларға келісім берген соң, емдеуші дәрігердің барлық ұйғарымдарын мүлтіксіз орындауға;
  4. медициналық көмек алу кезінде ішкі тәртіп ережелерін сақтауға және медицина ұйымының мүлкіне мұқият қарауға, медицина қызметкерлерімен ынтымақтастықта болуға;
  5. диагностикалау және емдеу үдерісінде өз денсаулығы жағдайының өзгергені туралы, сондай-ақ, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар шыққан, ия болмаса, оған күдікті болған жағдайда медицина қызметкерлерін уақытылы хабардар етуге;  
  6. басқа пациенттер құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға;
  7. Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған өзге міндеттерді орындауға міндетті.  

 

 

 

Өмірбаян

Сұрақ-жауап

Сұрақ қою

 

 

Ахметова Надия Абриковна

Сізді менің блогымда көргеніме қуаныштымын!

ҚР Мемлекеттiк Туы

1992 жылы ресми қабылданған

 

ҚР Мемлекеттiк Елтаңбасы

мұралық, ерекше белгі

 

ҚР Мемлекеттiк Әнұраны

ұлттық салтанатты ән