Қазіргі уақытта өзіндік ерекше қозлырғышы бар ауру (вирустар, бактериялар, риккетсилер, қарапайымдылар, саңырауқұлақтар т.б.) жұқпалы деп есептеледі.

Егер ағза қоздырғыштан тазармаса, ауру созылмалы түрге ауысады.

Атап айтқанда, жұқпалы аурулар асқынулардың себебі болып табылады, ол одан әрі жүрек-қан аурулары, тыныс алу мүшелері ауруларымен т.б. сырқат адамның жағдайына әсер етеді. Оның үстіне жұқпа науқасты жасына немесе әлеуметтік мәртебесіне қарай таңдамайды. Табиғатта жаман ауа райы жоқ сияқты жұқпалы ауруларда да солай, олар қыста да, жазда да, тіпті жылдың барлық маусымында да «ғажап тіршілік етеді».

Осыған байланысты «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК базасында балаларға кеңес беру және  қабылдау жүргізілетіндігін қатеріңізге саламыз.

Қабылдауды инфекционист, паразитолог, жоғары санатты дәрігер Ашгалиева Надежда Андереевна жүргізеді.

Қабылдау кестесі: дүйсенбі-жұма күндері сағ. 10:00-ден 13:00-ге дейін.

Тел.: 8 (7112) 21 15 56

 

Сондай-ақ, ересек тұрғындарға да қабылдау жүргізіледі және кеңес беріледі.

Қабылдау жүргізетін инфекционист дәрігерлер:

Нажимова Гүлнар Сабырқызы

Қабденова Назым Масәлімқызы

Кандергалиева Анжела Тлевалиевна

Сапарова Райса Темирханқызы.

Қабылдау кестесі: дүйсенбі-жұма күндері сағ. 09:00-ден 17:00-ге дейін.

Тел.: 8 (7112) 21 14 22

Алғашқы қабылдау құны – 1788 теңге.

 

Қажет болған жағдайда Сіз сол жерде медициналық қызметтер бағасы бағасы тізіміне сай барлық зертханалық және диагностикалық зерттеулерден өте аласыз (бағасы тізімімен  «Қызметтер» бөлімінде таныса аласыз).

Анықтама телефондары: 8 (7112) 21 11 42

                                          

БҚО әкімдігі ДСБ «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК

Орал қаласы, Құрманғалиев көш., 42Н.