2018 жылы 25 желтоқсан күні аурухана қызметкерлерінің балаларына арналған Жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Аниматорлар командасы балаларға көп қуаныш, күлкі және тамаша көңіл-күй сыйлады. Мереке Аяз ата мен Ақшақарсыз өткен жоқ, олар өз кезегінде балаларға тәтті сыйлықтар сыйлады.


"ОБЛЫСТЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ" МКҚК баршаңызды келе жатқан 2019 жылмен құттықтайды! Келген жыл Сіздерге мол бақыт, сәттілік, қуаныш, жылулық пен шуақ алып келсін! Жаңа жылда баршаңыздың дендеріңіз сау, әдемі, сүйікті және табысты болуларыңызды тілейміз!