2019 жылғы 6 ақпан күні «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК-да жас мамандарға арналған салтанатты шара өтті. Елбасының Жарлығымен 2019 жыл – Жастар жылы болып жарияланған болатын.

Бұл барлық қызмет саласындағы жастарды дамытуға және олардың шығармашылық жоспарларын жүзеге асыруы үшін зор мүмкіндік береді. Сондай-ақ жайдары жағдайда, қолайлы ортада біздің жас мамандарымыздың ата-аналарымен таныстық, оларға аурухана әкімшілігі атынан өз балаларын жақсы азамат қып тәрбиелегені және білім бергені, әрқашан қолдау білдіргені үшін алғыс хаттар табысталды.