1960 жылға дейін жұқпалы аурулар бөлімшесінің төсегі облыстық клиникалық аурухана құрамында болды. Жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі болып Келлер Александр Андреевич жұмыс жасады, облыстық денсаулық сақтау бөлімінің және Орал обаға қарсы күрес станциясының бас кеңесшісі болған ол жоғары білікті дәрігер, өзіне де, әріптестеріне де талапшыл талантты басшы еді.

Толығырақ

ХАБАРЛАНДЫРУ
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 168 қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жұқпалы аур
ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ.
2019 жылғы 6 ақпан күні «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК-да жас мамандарға арналған салтанатты шара өтті. Елбасының Жарлығымен 2019 жыл – Жастар жылы болып жарияланған болатын.
ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЕРТЕҢГІЛІК ӨТТІ
2018 жылы 25 желтоқсан күні аурухана қызметкерлерінің балаларына арналған Жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Аниматорлар командасы балаларға көп қуаныш, күлкі және тамаша көңіл-күй сыйлады. Мереке Аяз ата м
БАЛАЛАРҒА КЕҢЕС БЕРУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Қазіргі уақытта өзіндік ерекше қозлырғышы бар ауру (вирустар, бактериялар, риккетсилер, қарапайымдылар, саңырауқұлақтар т.б.) жұқпалы деп есептеледі. Егер ағза қоздырғыштан тазармаса, ауру созылмалы

Күйдіргі  - организмнің  ауыр әлсіздігімен, қызбамен,  ісік және карбункулдың пайда болуымен,  ішектің,  кейде өкпенің зақымдалуымен сипатталатын жедел зоонозды ауру.
Ауру көзі –  ауру ірі мүйізді қара мал мен ұсақ мүйізді ірі қара мал.

Адам күйдіргі ауруын былай жұқтырады:

  • Ауырған  жануарды сою және мүшесін    бөлшектеген кезде;
  • Жануардың  мал өнімдерімен қатынаста болғанда (ет, тері, жүн);
  • Термиялық өңдеуден дұрыс өтпеген етті дайындау және қолдану кезінде;
  • Мал өнімдерін сатып алу, тасымалдау және өңдеу кезінде;
  • Ауылшаруашылық малдары тұрған бөлме мен аймақты жинастыру кезінде;
  • Топырақпен байланысты жер қазу және тағы да басқа жұмыстарға қатысу кезінде;
  • Күйдіргі қоздырғышы бар (спораны) шаңды жұту кезінде;
  • Қансорғыш насекомдар шаққан кезде (слепней, жигалок)

                                                                                               
Жұқтырған уақытынан бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болу сатысы    көбінесе 1 күннен 12 күн, орташа 2 - 3 күн, сирек 6 - 7 күнге  созылады.  
Көбінесе күйдіргінің өте жиі кездесетін клиникалық түрі – терілік (жаралық) түрі, сирек ішек (абдоминальды), пневмониялық (өкпелік, медиастиналды), орофарингиалды (ауызжұтқыншақ, ангинозды). 

Аурудың негізгі  клиникалық симптомдары:
Күйдіргінің терілік түрінде -  лимфа түйіндерінің ұлғаюы, жергілікті терінің қабынуы, ісінуімен, кейін ауырсынусыз жараның түбінде тығыз құрғақ қара түстес қабыршақтың болуы.
Ішек түрінде: дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, құсу  және  қанды іш өту, іш аймағында қатты ауырсыну. 
         Пневмониялық түрінде: қызба, қалтырау, әлсіздік, құрғақ жөтел, ентікпе, кеуде аймағында ауырсыну және қатты тершеңдік.
Орофарингиальды түрі: қызба, тамақта ауырсыну, фарингит, мойынның ісінуі.

Алдын –алу шаралары:

  • Ветеринарлық маманның рұқсатынсыз кенеттен мал сою мен өлген жануардың терісін сыпыруды өткізбеу.
  • Міндетті түрде ветеринарлық мамандарға кенеттен өлген  және ауылшаруашылық малдарының ауырғандығы жөнінде хабарлау.
  • Базарда және жеке тұлғадан ветеринарлық куәландырылмаған  етті  қолданбау.

Аурудың алғашқы белгілері анықталған жағдайда міндетті түрде  тез  арада дәрігерге қаралыңыз!