«Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК-ның

2018 жылғы қызметінің қорытындысы

 

   БҚО әкімдігі ДСБ «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК жұқпалы аурулармен сырқат, тәулік бойы жұмыс жасайтын стационарға, күндізгі палатаға салуды қажет ететін пациенттерге білікті, мамандандырылған, стационарлық көмек көрсетеді, сондай-ақ жұқпалы аурулармен сырқат пациенттерге кеңесші-диагностикалық және амбулаториялық-емханалық қызмет көрсетеді.   

   Бүгінгі күні облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы облыстың барлық  жұқпалы аурулар қызметін үйлестіруші әдістемелік және облыс пациенттеріне мамандандырылған көмек көрсететін орталық, медицина колледжінің клиникалық базасы, заманауи жабдықтар, аппараттармен жарақтандырылған, МСАК дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлері, жедел жәрдем фельдшерлеріне арналған оқу-тренингтік орталық болып табылады.   

   Төсек-орын қуаттылығы 140 төсекті құрайды (100 – балалар төсегі, 40 – ересектердікі), 5 клиникалық, 2 параклиникалық бөлімшелері мен қосалқы қызмет көрсететін кабинеттері бар.

 

2018 жылы қызметшілер еңбегіне ақы төлеу үшін 309,4 млн. теңге жұмсалды, бұл жылдық шығынның жалпы сомасының 53,0% құрайды (2017ж. - 327,2 млн.т.). 2017 жылмен салыстырғанда азаю 17,8млн. т., құрады, бұл - 6%.         

Басқа ерекшемелер бойынша үнемделген қаражат есебінен медицина қызметкерлеріне сыйақы беруге шығын болған жоқ.  

2018ж. тәулік бойы жұмыс жасайтын стационарда емделген оқиғалар құны – 68390т. (2017ж. – 81640т.), күндізгі стационарда - 18410т. (2017ж. – 16940т.)

Емделген науқастар саны:

Стационарлық көмек  - 7032 (2017ж. – 5878)

Стационаралмастырушы көмек – 170 (2017ж. – 187)

 

            2018 жыл соңындағы қызметкерлер саны – 270.

2018ж. жұқпалы аурулар ауруханасының штаты 4 дәрігер: 1 бактериолог дәрігер, 1 рениматолог және 2 маманмен, 10 орта медицина қызметкерімен толықты.

Кадрлармен жинақталғандық – 82%, дәрігерлермен – 81%.

Штаттық кесте бойынша дәрілерлер мөлшерлемесі 34,5, иеленгені – 34,5. Бұл лауазымдарда 1,5 қосымша атқару коэффицентімен 21 жеке тұлға жұмыс жасайды. Дәрігерлер санаттылығы – 67% (2017ж. - 67%).

Реаниматологтар, балалар инфекционисттері және бактериолог дәрігерлермен жеткіліксіз қамтылғандық бар.

Штаттық кесте бойынша орта медицина қызметкерлерінің саны – 129 мөлшерлеме, иеленгені – 121, жеке тұлғалар – 109. ОМҚ жинақталғандық – 94% (2017ж. – 92%). 8 мейіргер жетіспейді. ОМҚ санаттылығы – 61,2%, (2017ж. – 58%)

Кіші медицина қызметкерлері: штаттық мөлшерлеме саны – 100, иеленгені – 77. Жинақталғандық – 80%.

Кадрлардың тұрақтамауы өткен жылмен салыстырғанда 8,5%  артты (2018ж. – 22,5% және 2017ж. – 14%).

Медицина қызметкерлерінің білімі мен біліктілігін көтеруге ерекше назар аударылады.

Жұмыс орнында Астана қ. жұқпалы аурулар кафедрасында дәрігер А.Б.Жошиева мамандандырудан өтті.

  «Адами ресурстарды басқару менеджменті», «Анестезиология және реаниматология», «Бактериологияның өзекті сұрақтары» тақырыптары бойынша 5 дәрігер біліктілігін көтерді. Бактериологиялық зертхана меңгерушісі А.М.Досанова «21 ғасыр зертханасы. Проблемалары мен келешегі» республикалық форумына қатысты.

  Инфекционист дәрігер Н.М.Қабденова «Almaty Hematology 2018» Халықаралық форумына қатысты. Инфекционист дәрігер Г.С.Нажимова CDC орталығы Астана қ. ұйымдастырған, «ЖРВЖ және тұмауды емдеудегі заманауи аспектілер» Халықаралық семинарына қатысты.

 

  2018ж. балалар корпусының қабылдау бөлімшесінде қайта құру бойынша күрделі жөндеу жүргізілді, орталықтандырылған бактериологиялық зертхана ғимаратында ағыла-сорылып желдету құрылғысы орнатылды. Балалар корпусына, сыртқы және ішкі инженерлік желілерге күрделі жөндеуге техникалық қорытынды жүргізілді.

2018ж. келесі медициналық жабдықтар сатып алынды:

1. БҚО ДСБ жергілікті бюджеттен қосымша бөлінген қаражат есебінен цифрлық рентген аппараты;

2.  стационардың клиникалық зертханасына PRECIL C3100 автоматты коагулометр, SMARTLYTE автоматты электролитті анализатор, BS-200E автоматты биохимиялық анализатор.

  2018ж. бастап жұқпалы аурулар стационары қағазсыз құжат айнамына көшті. Медициналық құжаттардың жартысы электронды нұсқада «ҚазМедАқпарат» МАЖ жүргізіледі. Электронды медициналық карталар онлайн деректер базасында сақталады.

 

Шеберлік сағаттарын, семинарлар ұйымдастыру.

  2018 жылы «Инфекционист күніне» арналған, «Жұқпалы аурулардың клиникалық көрінуі, диагностикалау, емдеу және алдын алудың өзекті сұрақтары» және «Кезек күттірмейтін жағдайларда балаларға білікті медициналық көмек көрсету» тақырыптарында Астана қ. профессорлары Д.А.Баешева және Н.А.Малтабарованы шақырумен инфекционист дәрігерлер, ЖТД, педиатрлар, анестезиолог-реаниматологтар үшін екі шеберлік сағаты өткізілді. 

  БҚО медицина қызметкерлерінің білім деңгейін көтеру мақсатында жұқпалы аурулар ауруханасы базасында және селекторлық режимде инфекционисттер, ЖТД, педиатрлар, эпидемиологтардың қатысуымен, жұқпалы аурулар: ЖРВЖ және тұмау, А вирусты гепатит, қызылша, менингоккокты жұқпа, энтеровирусты жұқпа және ЖІЖ, бруцеллездің клиникасы және саралап диагностикалау жөнінде 8 облыстық семинар оқулары өткізілді.

  Емханалар мен қала стационарларының қабылдау бөлімшелерінің медицина қызметкерлерінің білім деңгейін бағалау үшін менингоккокты жұқпа және энтеровирусты жұқпа бойынша тестілеу жүргізілді.

 

Жұқпалы және паразиттік ауруларды ұстап тұру.

   2018 жыл ішінде облыс инфекционисттерімен аудандар және қала емханаларының ЖАК-не жұқпалы және паразиттік ауруларды ұстап тұру, сондай-ақ жұқпаны бақылау комиссиясының жұмысына мониторинг жүргізу үшін жоспарлы 25 шығу ұйымдастырылды.  

  Облыс стационарлары мен емханаларының дәрі-дәрмектермен жарақтандырылғандығы, аса қауіпті жұқпаларға дайындылығы, жинақтардың, жұқпалы аурулар кезінде хабарлау сұлбасының бары, ОРП кабинеттерінің, сүзгінің жұмысына; медицина ұйымдарының ЖРВЖ және тұмау эпид. маусымына дайындығы; менингоккокты жұқпа, энтеровирусты жұқпа шығуы ықтимал оқиғаларға дайындығына аудит жүргізілді.   

  БҚО ДСБ 10.08.2018ж. бұйрығы негізінде Басқарма штабының 04.09.2018ж. шешімін орындау бойынша 11-14 қыркүйек аралығында эпидемияға қарсы іс-шаралар және қала емханалары мен облыс аудандарында менингококты жұқпалар және қызышамен сырқат пациенттерге медициналық көмек көрсетуге аудит жүргізілді. Келесідей ескертулер анықталды: менингококты жұқпалар бойынша жинақ толық жарақтандырылмаған, антибиотиктер (пенициллин, левометицин) жоқ; назофарингитпен сырқат пациенттен материал алу жүргізілмейді; менингококты жұқпаға күдіктілік кезінде аңқадан материал алу техникасын қызметкерлердің бәрі бірдей меңгермеген.

  Зеленов АА, Теректі ОАА жұқпалы аурулар төсектері соматикалық бөлімшеде, бұл ҚР ДСМ 2017 жылғы 31 мамырдағы №375 «Денсаулық сақтау нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы» бұйрығына сәйкес емес.

  Медицина ұйымдарының ЖАК-не кіру (№5, 6 қалалық емханалар және Зеленов ОАА басқа) ортақ дәліз арқылы өтіп орналасқан, бұл жұқпалы аурулардың таралуына үлкен қауіп тудырады.

Медициналық көмек сапасын жақсарту үшін дәрігерлерге арналған 7 ОШС әзірленіп, енгізілді:

  • Менингококкты жұқпа, іріңді немесе серозды менингиттерге күдікті пациент келгенде қабылдау бөлімшесі дәрігерінің әрекеті; 
  • Жұқпалы-уытты шок (ЖУШ), бас миының ісігі, құрысу синдромы кезінде кезек күттірмейтін көмек көрсету;
  • Пациентті өзге стационарға жолдау жағдайындағы дәрігердің әрекеті
  • Пациенттер ауруханаға салудан бас тартқан жағдайда медицина қызметкерлерінің әрекеті;
  • Жұқпалы аурулар кезінде антибактериялық терапия тағайындауға негіздеме;
  • ЖРВЖ және тұмаумен сырқаттанушылық кезіндегі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасындағы эпидемияға қарсы іс-шаралар;
  • Анафилактикалық шок кезінде кезек күттірмейтін көмек көрсету алгоритмі.

 

Дәрі-дәрмекпен қамту.

Жыл бойы формулярлық комиссияның 4 отырысы оздырылып, онда дәрілік препараттарға өтінімдер, клиникалық хаттамаларды сақтау мәселелері талқыланды.

Бөлімше меңгерушілері дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға өтінімдер құрған кезде келесідей бұзушылықтарға жол береді:

- сирек қолданылатын препараттарға тапсырыс беру (Цеф4);

- пациенттердің жоспарлы саны ескерілмейді;

- мына препараттарға: беродуал, пульмикорт, ерітінділер, реополиглюкин, эуфиллин, антибиотиктер т.б. өтінім толық көлемде құрылмаған. Нәтижесінде біз қазіргі уақытта осы дәрілік құралдардың жетіспеуінен үзіліп қалулар бар.

Ағымдағы жылы препараттардың жағымсыз әсерлері байқалған жоқ.

  Пациенттерді дәрілік қамтуды бағалау үшін клиникалық фармакологпен сауалнама және сырқатнамаларға аудит жүргізілді. Нәтижесінде мынадай бұзушылықтар анықталды:

  • Кейбір сырқатнамаларда антибактериялық терапия қысқа мерзімге (3-4 күнге) тағайындағаны байқалады, бұл жұқпалы аурулар кезінде емдеу хаттамасына қайшы келеді;
  • Вирусты аурулар кезінде антибиотиктерді негізсіз тағайындау;
  • Аллергиялық анамнез және стационарға түскенге дейін қабылдаған препараттар ескерілмейді, бұл кейін аллергиялық дерматит түріндегі асқынулардың дамуына, сондай-ақ антибиотикорезистенттілікке алып келеді.

  Жоғарыда айтылған ескертулерді ескере келе, антибактериялық терапия тағайындаудың негізділігі бойынша алгоритм әзірленген болатын және жұқпалы аурулар кезінде антибактериялық терапия тағайындау бойынша семинар оқуы өткізілді.

  Медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметімен пациенттердің қанағаттанушылығын бағалау бойынша (шығарылған науқастардың күн сайын 10% қамту); пациенттерді дәрілік қамтуды бағалау бойынша (шығарылған науқастардың күн сайын 100% қамту); тамақтану сапасына қанағаттанушылықты бағалау бойынша (шығарылған науқастардың күн сайын 10% қамту) сауалнамалар әзірленді. Сауалнамаларды зерделеу кезінде тамақтану сапасына ескертулер болды: емдәмдік үстел ерекшелігін түсіндірмеу. Ескертулер негізінде тамақтану бойынша, дәрілік қамту бойынша алгоритмдер әзірленді.

  Күн сайын бөлімшелерді аралап қарау жүргізіледі, пациенттер және оларға күтім көрсетушілермен әңгімелесулер жүргізіледі. Пациенттердің жүгінуіне орай дер уақытында әрекет жасау байқалады және артынан қаралып, тиісті шешімдер қабылданады. 2018 жылы 16 жүгіну тіркелді (2017ж. – 12): callcentre – 9; БҚО ДСБ басшысының сайтына – 3; ОЖАА директорына – 4. Негізділігі бойынша: жартылай негізді – 2 жүгіну, негізсіз – 14.

  Дау-дамайларды реттеу, қызметкерлерді пациенттерге жанашырлықпен қарауға және коммуникативтік дағдыларға үйрету бойынша тренингтер, рөлдік ойындар түрінде психологтың жұмысы белсенді жүргізіледі. Қызметшілермен:

  • тестілеу – 11
  • семинар – 38
  • рөлдік ойындар – 38
  • этика және деонтологияны сақтау бойынша жиналыстар – 21 жүргізілді.

Пациенттер және оларды күтушілермен әңгімелесулер жүргізіледі.

Білімдері мен коммуникативтік дағдылары және қызметшілердің кәсіби медициналық көмек көрсету деңгейін көтеру үшін 10 ОШС әзірленді:

1. Лауазымдық міндеттерді орындаудан тыс кезде пациенттермен қарым-қатынаста медицина қызметкерлерінің мінез-құлқы және коммуникациялары стандарттары.

2. Лауазымдық міндеттерді орындау кезінде пациенттермен қарым-қатынаста медицина қызметкерлерінің мінез-құлқы және коммуникациялары стандарттары.

3. Лауазымдық міндеттерді орындау уақытында пациенттермен қарым-қатынаста дәрігердің мінез-құлқы және коммуникациялары стандарттары.

4. Әріптестер (медицина қызметкерлері) арасындағы қарым-қатынас және іскерлік қатынастар стандарты.

5. Науқаспен ұзаққа созылған әңгімелесуден шығу стандарты.

6. Агрессивті бағытталған пациентпен қарым-қатынас стандарты.

7. Пациенттің өтінішіне қарсы тұру стандарты.

8. Телефонмен сөйлесу стандарты.

9. Медицина қызметкерінің эстетикалық сыртқы келбетінің стандарты.

10. Пациентпен қарым-қатынас кезінде сәлемдесу стандарты.

 

 Орта медицина қызметкерінің рөлін көтеру үшін 2018 жылы мамыр айында ОЖАА мейіргерлері үшін «Мейіргерлер ісінің заманауи аспектілері» мейіргерлер конференциясы өткізілді. Конференцияда реанимация бөлімшесінің аға мейіргері Ү.И.Нурмуханова Астана қаласындағы медициналық стационарлардағы мейіргерлік іс бойынша семинар-тренингте оқып келгеннен кейін білімі мен тәжірибесімен бөлісті. Нәтижесінде бөлімшелерде пациенттер қауіпсіздігі бойынша 6 қадам енгізілді:

  • Ақпарат ала отырып, келісім алу тәртібі
  • Инвазивті шаралар кезіндегі верификация ережелері
  • Келушілерді сәйкестендіру ережесі
  • Орта медицина қызметкерлері арасында ақпараттар тарату ережесі
  • Қауіптілік дәрежесі жоғары дәрі-дәрмектерді сақтау және олардың қозғалысы.

27 мейіргер Батыс Қазақстан Жоғарғы медициналық колледжінде біліктілік көтеруден өтті және 5 мейіргер 3Н жүйесі бойынша оқытылды.

  Маусым айында аурухананың бас мейіргері Астана қ. мейіргерлік іс бойынша І Халықаралық конференцияға қатысты, онда көшбасшылық сұрақтар және мейіргерлер қызметін басқарудағы жаңа тәсілдер қаралған болатын.

  Пациенттерге стационарлық көмек көрсетуде білім және дағды деңгейлерін көтеру мақсатында орта медицина қызметкерлеріне арналған 30 ОШС енгізілді, 140 ОШС жаңартылды.

Ауруханаішілік жұқпалардың шығуы және таралуынан сақтандыру үшін жұқпаны бақылау комиссиясы (ЖБК) құрылды.

  2018ж. АІЖ алдын алу бойынша ЖБК-ның 12 отырысы өткізілді; медицина қызметкерлерімен санитарлық-эпидемияға қарсы режимді сақтау; медициналық қалдықтарды жинау, тасымалдау және сақтау; жоспарға сай шаюлар нәтижелерін талдау. Шаюларды зерттеу нәтижесінде 5 шартты-патогенді флора анықталды (эпидермальды стафилококк; емшара кабинеті мейіргерінің халатынан, дәрілер шкафынан, кушеткадан, т/і инъекцияға арналған жастықтан шықты), бұл қолдың сапасыз өңделетіндігін көрсетеді, одан арнайы киім және қолданылатын заттар ластанады.

Стационардың медицина қызметкерлерімен санитарлық нормалар бойынша 12 үйрететін семинар оқулары өткізілді.

  Ауруханада орта және кіші медицина қызметкерлері арасында санитарлық-жұқпасыздандыру режимін білу деңгейлерін бағалау жүргізілді. Нәтижесінде жақсы білім деңгейін көрсетті: орта медицина қызметкерлері – 78%, кіші медицина қызметкерлері – 60%, ас үй жұмыскерлері – 73%. Төмен білім деңгейін көрсеткен (40%) қызметкерлермен семинар оқулары, тренингтер өткізіліп, артынан бағаланды. Толық жинау және ағымдағы жинау жүргізу алгоритмдері әзірленді.

Ауруханаішілік жұқпалардың 2017ж. 2 оқиғадан 2018ж. 1 оқиғаға дейін төмендеуі байқалады.

 

Клиника-диагностикалық зертхана.

  Стационардың клиника-диагностикалық зертханасы автоматты анализаторлармен жарақтандырылған: PRECIL C3100 автоматты коагулометр, SMARTLYTE автоматты элетролитті анализатор, BS-200E автоматты биохимиялық анализатор.

Анализаторлардың басымдылығы:

•          Зерттеулердің жоғары дәлдігі және өндірушілігі.

•          Адамның қателесуі ықтималдығын жоққа шығару.

•          Жұмыстың жоғары жылдамдығы.

•          Маманның минимальды еңбектік шығындары.

•          Экономиялық ұтымдылық және реагенттерді, зерттеу материалдарын, электрқуатын минимальды тұтыну есебінен шапшаң өзін-өзі ақтауы.  

 

  2018ж. барлық орындалған зерттеулер - 173450, 2017ж.- 155071,   солардың ішінде биохимиялық – 7594,   (2017ж. - 4576), клиникалық талдаулар – 165856, (2017ж.-150495). Ауруханаға салынған пациенттер санының артуы есебінен зерттеулер саны ұлғайды.

Биохимиялық талдаулар 2017ж. облыстық клиника-диагностикалық орталықтың орталықтандырылған зертханасында жүргізілді.

Ақылы қызметтер 1650,2 мың теңгеге артты.

 

Бактериологиялық зертханалық.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының микробиологиялық зертханасы орталықтандырылған зертхана болып табылады, 23 МҰ қызмет көрсетеді.

Орталықтандырылған бактериологиялық зертхана ғимаратында ағыла-сорылып желдету құрылғысы орнатылды.

Қосалқы мердігерлік бойынша қызметтер өткен жылмен салыстырғанда 6362,1 мың теңге сомасына азайды.

Ақылы қызметтер 8079,2 мың теңге сомасына артты.

  Есепті кезеңде ОЖАА бойынша зерттеулер саны санитарлық-бактериологиялық, серологиялық, иммунологиялық зерттеулер және ауруханаішілік бақылау есебінен 0,8% азайды (2017ж.-27536, 2018ж.–27327). Серологиялық зерттеулердің төмендеуі вирусты менингиттермен сырқат пациенттердің 17 оқиғаға, иерсиниоздың 1 оқиғаға, бруцеллездің 24 оқиғаға азаюына, менингококкты жұқпаның, псевдотуберкулездің болмауына байланысты. Вакцина арқылы бағындырылатын жұқпаларды иммунологиялық зерттеу азайды (көкжөтел 20 оқиғаға). Бактериологиялық зерттеулердің жіті ішек жұқпалары есебінен артуы байқалады, олардың 80% жіті вирусты энтериттер болып табылады, олар клиникалық хаттама бойынша бактериологиялық зерттеуге жатады.

  Санитарлық-бактериологиялық зерттеулердің үлес салмағы 4,3% құрады (2017ж. -10,4%), серологиялық – 1,8% (2017ж. - 3,2%), иммунобиологиялық – 0,1% (2,2%), зерттеулер сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыс – 36% (36,5%). Бактериологиялық зерттеулердің үлес салмағы артты – 58% (47,7%).

  Есепті кезеңде қосалқы мердігерлік бойынша зерттеулер саны бактериологиялық және серологиялық зерттеулер есебінен 11% азайды, (2018ж. –55614, 2017ж. – 62248), амбулаториялық деңгейде пациенттерді тексеру азаюмен байланысты.

 

Ауруханаға салынған пациенттер құрылымын басқару:

  • 2018 жылы Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 16109 пациент жүгінді (2017ж. – 16315), ауруханаға салынғаны – 7053 (2017ж. – 5939).
  • 2018 жылы ТМККК шеңберінде 7032 пациент емделді, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 16,4% артық (2017ж. – 5878 пациент).
  • Емделген бала - 5872 (83,5%), бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 18,4% артық (2017ж. – 4790 бала (81,4%)).
  • 2018ж. емделген 1 жасқа дейінгі бала – 1262, 2017ж. – 1172.
  • Емделген шетелдік пациент - 53, 2017ж. – 31.
  • Өзгеқалалық, аудандардан келген пациенттер үлесі 2018 жылы - 17% құрады, оған қарсы 2017 жылы - 21%. Пациенттер арасында  балалардың үлес салмағы әлдеқайда жоғары (83,5%), (2017ж. – 81%).
  • Инфекционист дәрігерлермен басқа стационарларда 254 пациентке кеңес берілді.
  • Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының 183 пациентіне басқа мамандардың кеңесі берілді.
  • Төсек айналымының 16,3% артқаны байқалады: 2017ж. 42,0-ден 2018ж. 50,2-ге дейін.
  • 2018ж. 4 пациент қайтыс болды, солардың 4-і де бала, 2017ж. – 7 пациент, олардың ішінде бала – 5. Жалпы өлім-жітім екі жылда бірдей және 0,1% құрайды.
  • Күндізгі стационар бойынша 170 пациент (2017ж. – 187).
  • Диагностикалық палаталар арқылы өткен, кеңестік-диагностикалық көмек алған пациенттер – 1715, (2017ж. – 2776).

 

Қызметкерлердің қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Есепті кезеңде АҚ, ТЖ, ӨҚ, ЕҚ, ҚТ және экология қызметтерімен ұйымда:

  • қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында қызметшілерді оқыту (102 қызметкер);
  • қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында қызметшілер білімін бағалау (98 қызметкер);
  • жұмысқа жаңадан қабылданғандарға кіріспе нұсқау беру (19 қызметкер);
  • өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру (ғимараттар мен аумақты күн сайын аралап тексеру, экологиялық қауіпсіздік сұрақтары бойынша клиникалық және параклиникалық бөлімшелердің 75 қызметкері сұралды) бойынша жұмыстар жүргізілді.

2018 жылы өндірістік жарақаттану және кәсіби аурулар оқиғалары болған жоқ.

 

2019 жылға келешек даму жоспары

 

1. Кадрлық саясат

- Резиденттер, инфекционист дәрігерлер есебінен, Алматы, Астана, Ақтөбе, Семей қалаларының жоғары медициналық оқу орындарына бірінші басшының баруымен штатты жинақтау. ҚР басқа облыстарынан мамандар тарту.

- Дәрігер Д.Г.Абдрахмановты «Анестезиология және реаниматология» мамандығы бойынша резидентураға жолдау.

- Жаңадан келген мамандарға тұрғын үйді жалға алу үшін қала әкімдігі алдында қолдау білдіру.

-  Қызметкерлерді уәждеуді көтеру мақсатында барлық деңгейдегі қызметкерлерді материалдық емес ынталандыру туралы Ереже енгізу.

-  Орта медицина қызметкерлері кәсібінің мәртебесін көтеру мақсатында бірінші тоқсан ішінде директордың емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасары мен бас мейіргермен ОМҚ өзін-өзін басқаруы Жобасын әзірлеу және бекіту.

-  ОМҚ өзін-өзі басқару практикасын енгізу.

- Біздің клиникамыздың базасында практикадан өту үшін БҚЖМК түлектерін тарту, әр практикантқа тәжірибелі медицина қызметкерін бекіту, кәсіптік бағдар беру.

 

 2. Емдеу-дигностикалық жұмыс

- Паразитология бойынша инфекционист дәрігерлердің білім деңгейлерін көтеру мақсатында медициналық ЖОО-ның кафедраларынан профессорларды тартумен шеберлік сағаттарын өткізу.

- Жұқпалы аурулармен сырқат пациенттерді ертерек диагностикалау және емдеу бойынша МҰ-ның қызметкерлерін оқыту үшін нозологиялар тізбесін кеңейту.

-  Қауымдастықтан тәуелсіз медициналық сарапшыны тартумен бірінші тоқсанда тәуелсіз емдеу-диагностикалық сараптама өткізу.

-   «Софосбуфир» және «Даклотасвир» дәрілік препараттарымен созылмалы С вирусты гепатитті емдеуді енгізу.

- Микроорганизмді және сезімталдықты анықтау үшін бактериолгиялық зертханаға экспресс-диагностика енгізу.

- Ротавирусты жұқпаны сәйкестендіру үшін тест-жинағын енгізу.

 

3. Ұйымдастырушылық жұмыстар

- 2019 жылғы ІІІ тоқсанда аккредитациядан өту.

- «МКҚК» заңды мәртебесінен «ШЖҚ МКК» ауысу.

- Бюджеттен тыс кірістер есебінен қаржыландыруды ұлғайту мақсатында жарнама саясатына енгізу.

 

4. Материалды-техникалық қамтамасыз ету

- Алынған техникалық қорытындыға сай, балалар бөлімшелерінің емдеу корпусына және сыртқы инженерлік желілерге (кәріз, сумен қамту және жылыту жүйелері) күрделі жөндеу жүргізу.  

 

5. Жұқпалы және паразитарлық ауруларды бақылау және оларды ұстап тұруға мониторинг жүргізу

 

 

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бойынша

2018ж. және 2017ж. жұқпалы аурулармен сырқтаттанушылық

 

Жіті ішек жұқпалары

Диагноз

Шығарылғаны – 2018ж.

Шығарылғаны – 2017ж.

барлығы

ересек-тер

бала-лар

барлығы

ересек-тер

бала-лар

Дизентерия

74

25

49

45

12

33

Сальмонеллез

161

59

102

145

58

87

ГЭК айқындалған

259

74

185

260

81

179

Ротавирусты энтерит

2

-

2

99

-

99

ГЭК айқындалмаған

102

42

60

97

30

67

Тағамдық-уытты жұқпа (ТУЖ)

26

20

6

29

20

9

Барлығы

624

220

404

675

201

474

 

  2018 жылы ЖІЖ сырқат, емделген барлық пациент - 624 (9%), 2017 жылы – 675 (11,4%). ЖІЖ-ның нозологиялық құрылымында нақтыланған жұқпалардың үлес салмағы 84% құрады (522 оқиға), нақтыланбаған – 16% (102 оқиға). Тағамдық уытты жұқпамен емделген пациент - 26, (2017ж. – 29). Аурудың жаппай бұрқ ету оқиғалары байқалған жоқ.

 

Вирусты гепатиттер

2018ж. жіті вирусты гепатиттермен емделгені 14 оқиға, солардың ішінде бала – 2 (2017ж. – 9).

  ВГА 11 оқиғасы емделді, соның ішінде – 2  (2017ж. – 7 оқиға, соның ішінде бала – 1). Эпид. анамнезден 4 оқиға әкелінген (Өзбекстан, Астрахань, Орынбор, Шымкент), 1 оқиға тұрмыстық-байланысты, 6 оқиға – шикі су ішіден).

Жіті ВГВ емделгені - 3 пациент (2017ж. – 2, соның ішінде бала - 1). Созылмалы ВГ емделгені 12 пациент (2017жг. – 12).

 

Спецификалық ауа-тамшылық жұқпалар

  2018ж. көкжөтелдің 4 оқиғасы тіркеліп, емделді (2017ж. – 24 оқиға). Бір жасқа дейінгі балалар: Ақжайық ауданынан – 2 оқиға, Зеленов және Бөрлі аудандарынан бір оқиғадан. Үш оқиғада көкжөтел диагнозы клиникалық расталды, бір оқиғада Bordetella қоздырғышы бөлінді.

Облыс бойынша желшешекпен сырқаттанушылық 1,8 есеге өсті. Стационарда 88 пациент емделді, соның ішінде бала – 65 (2017ж. – 48, соның ішінде бала – 17).

Герпесті жұқпамен емделгені - 103 (2017ж. – 52).

Скарлатинамен емделгені - 93 оқиға (2017ж. – 66)

Жұқпалы мононуклеоз - 54 оқиға (2017ж. – 47)

Энтеровирусты жұқпа – 167 оқиға (2017ж. – 323)

Вирусты энтериттер - 1805 оқиға (2017ж. – 167)

 

Бактериялы зооноздар

Бруцеллез

  Бруцеллез бойынша Ақжайық ауданы (16 оқиға (35,5%), Бөрлі ауданы (5 оқиға - 11 %), Зеленов (3 оқиға 6,6%), Шыңғырлау (10 оқиға 22,2%) қолайсыз аудандар болып табылады. Орал қ. (6 оқиға - 13,3%), Бөкейорда, Жаңақала, Жәнібек, Қаратөбе, Теректі аудандары бойынша бір оқиғадан. Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 39% төмендеді. 2018ж. ОЖАА-да 38 пациент емделді, соның ішінде бала – 5 (2017ж. – 61, бала – 5). 8 пациенттен Brucellamelitensis бөлінді, Brucellasuis – 1, нақтыланбағаны – 23.

Иерсиниоз диагнозымен 1 пациент емделді – қала тұрғыны.

Тумяремия диагнозымен 1 пациент, Зеленов ауданынан.

 

БСГҚ (ГЛПС)

Ағымдағы кезеңде БСГҚ-мен 8 оқиға емделді. Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 5 отқиғаға төмендегені байқалады.

Ботулизм

Орташа-ауырлықтағы формамен 4 пациент емделді.

Риккетсиоздар – КУ лихорадка -1 оқиға, қала тұрғыны.

 

Жоғарғы тыныс жолдарының жіті респираторлық вирусты жұқпасы

   Жоғарғы тыныс жолдарының жіті респираторлық вирусты жұқпасы 44% құрайды (барлық ауруханаға салынған пациенттердің 3075-і), солардың ішінде балалар 83,0% құрайды (2553). 2017ж. емделгені - 3810 (65%), солардың ішінде бала 3117 құрайды (82%).

  Нозологиялық құрылымда ЖРВЖ 67,3% құрайды, аденовирусты жұқпа - 7,6%, тұмау – 1,3%, жіті ларингиттер – 7%, тонзиллиттер – 16,8%, тыныс алу мүшелерінің аурулары (бронхиттер, пневмониялар) – бір жастан үш жасқа дейінгі балалар БҚО ДСБ 2017 жылғы 11 сәуірдегі №90 бұйрығына сай 1 қазаннан 15 мамырға дейін жұқпалы аурулар стационарына салынады.

Бронхиттер – 460 (2017ж. – 284), пневмониялар – 329 (2017ж. – 146),

Өзге оқиғалар – 12. Тексеру және диагноз қою нәтижесінде пациенттер басқа стационарларға ауыстырылды: ОКА – 1, ҚКА – 1, ОКБА – 3, қайтыс болғаны – 3.

 

2018 жылғы балалар өлім-жітім бойынша ақпарат

   Осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда жалпы өлім-жітім бірдей деңгейде, 0,1% құрайды. 4 өлім-жітім оқиғасы тіркелді, 2017ж. – 7 оқиға. Қайтыс болғаны - 4, бір жасқа дейін - 2, тәулікке дейін қайтыс болғаны – 2. ОЖАА деңгейінде болдырмау мүмкін емес – 3 оқиға. Шартты түрде болдырмауға болатын оқиға - 1. Патологиялық-анатомиялық жарып қаралғаны -  1 оқиға – 25%, клиникалық және патологиялық-анатомиялық диагноздардың алшақтығы – 100%.