Емдеу-қорғау түзімі
Емдеу-қорғау түзімі пациенттердің стационарда болуы және емделуі үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін басты шарттардың бәрін қамтамыз етеді.
Ауруханаішілік түзім әр бөлімшенің ерекшелігіне сәйкес. Әр бөлімшеде «Күн тәртібі» ілулі тұр, оны пациенттер де, медицина қызметкерлері де сақтауы тиіс.
Күн тәртібі
600 - 700 |
Науқастарды ұйқыдан ояту, таңертеңгі жуынып-шайынулар, таңертеңгі емшараларды қабылдау |
700 - 730 |
Дене қызуын өлшеу |
730 - 745 |
Бөлімшені жинау, орын-жайды желдету |
745 - 830 |
Таңертеңгі емшаралар |
830 - 900 |
Таңғы ас |
900 - 1200 |
Дәрігерлердің аралап қарауы, емшаралар |
1200 - 1300 |
Дәрігерлердің пациент туыстарымен әңгімелесуі, пациенттерді аурухаандан шығару |
1300-1400 |
Түскі ас |
1400-1700 |
Тынығу сағаты |
1700-1800 |
Кешкі емшараларды қабылдау |
1800-1900 |
Кешкі ас |
1900 - 2100 |
Кешкі аралап қарау, дене қызуын өлшеу, емшаралар |
2130- 2200 |
Ұйқыға жату |
Науқастарға күтім көрсету бойынша стационарда жатқан тұлғалар үшін
- Режиммен танысу және бөлімшенің жұмыс режимін сақтау.
- Науқасқа күтім көрсету бойынша медицина қызметкерінің нұсқауларын орындау.
- Баланы қатаң түрде дәрігер кеңесі бойынша тамақтандыру.
- Бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана стационарда болған барлық кезеңінде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
- Бір жастан асқан баланы емізетін ана стационарда тамақпен қамтамасыз етілмейді, бірақ тамақтануда дәрігер кеңесін ұстануы тиіс.
- Баланы бөгде біреуге және өз баласына күтім көрсету үшін жатқан тұлғаға қалдырмау.
- Ауруханаға келу және сәлемдемелерді беру уақтын қатаң сақтау:
11.00-ден 13.00-ге дейін.
17.00-ден 19.00-ге дейін.
8. Палатаны таза ұстау.
9. Тамақ ішкен соң артынан жинау.
10. Дәрігермен әңгімелесу уақытын сақтау, 12.00-ден 13.00-ге дейін.
11. Мемлекет мүлкіне ұқыпты қарау.
12. Өрт қауіпсіздігін сақтау.
Құрметті азаматтар!
Құрметті пациенттер!
Елімізде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жоғары технологиялық медициналық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.
Сонымен қатар, мемлекеттің тиімді әлеуметтік-экономикалық саясатының арқасында біздің елімізде әлі де жетілдірілмеген немесе көрсетілмейтін жоғары технологиялық қызметтерді алу үшін пациенттерді шетелде ем алуға жолдау мүкіндіктері жүзеге асырылды.
Бұл бағдарлама қиын ауруларға медициналық көмекке қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Егер Сізде немесе сіздің балаңызда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген аурулардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізім) енгізілген аурулар болған жағдайда бюджет қаражаты есебінен шетелде ем ала аласыз (нормативтік құқықтық актілерге сілтеме).
Жоғарыда келтірілген тізімге кіретін ауру расталған жағдайда, сондай-ақ, медициналық мекемелерде қолдануға рұқсат етілген барлық диагностикалау қолданылса және емдеудің әдістері оң әсері болмаған жағдайда, Сіз тұрғылықты жеріңіздегі бейінді маманға бейінді республикалық денсаулық сақтау ұйымына жолдама алу үшін жүгінуіңізге болады.
Сәйкесінше, республикалық ұйым пациенттің құжаттары мен шетелде емделу қажеттілігі туралы қортындыны Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емдеуге жіберу туралы Жұмыс тобына (бұдан әрі - Жұмыс тобы) енгізеді.
Науқастың құжаттар пакетін алған күннен бастап Жұмыс тобы шетелде емделуге өтініш берген науқастардың күту коды тізіміне пациент туралы деректерді Күту тізіміне енгізеді және шетелдік клиникалар іздестіруді жүзеге асырады.
Құжатты қарау туралы толық ақпарат алу үшін сіз “Univercity Medical center” корпоративтік қорының umc.org.kz ресми сайтына тіркеліп, Жеке кабинет құруыңыз қажет.
Шетелге емделуге жіберу туралы шешімді Қазақстан Республикасының азаматтарын жіберу бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Комиссиясы Жұмыс тобының жолдау маңыздығы мен кезектілікті есепке ала отырып ұсынған құжаттар пакетінің негізінде қабылдайды.
Комиссияның оң шешімі қабылданған жағдайда Жұмыс тобы шетелдік медициналық ұйымдармен бюджет қаражаты есебінен медициналық қызмет көрсету үшін келісім жасасады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Жұмыс тобының мамандарына хабарласа аласыз («Байланыс ақпараты» сілтемесі).