«Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК ұйымдастыруымен облыстық медициналық ұйымдардың жалпы тәжірибелі дәрігерлер, инфекционистер, хирургтар, жедел жәрдем фельдшерлері үшін «Теріні зақымдайтын жұқпалы ауруларды емдеу және дифференциалды диагностикалау» бойынша теориялық және практикалық білімді арттыру мақсатында конференция өткізілді.
«С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина унивеситеті» КеАҚ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының меңгерушісі, МҒЕ, профессор А.К.Дуйсенова және Қазақстан-Ресей медицина университетінің жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, мғк, доцент Н.К.Оспанбекова конференцияға дәріскер ретінде қатысты.
Конференцияда келесі тақырыптар қарастырылды:
- Тілім. Этиологиясы, классификациясы, клиникасы, асқынулар, дифференциалды диагностика, емдеу және алдын алу. Пациенттерді емдеу тактикасы. Клиникалық жағдайларға талдау жасау.
- ҚР-да алғашқы тері аффектін дифференциалды диагностикалау (сібір жарасы, пастереллез, листериоз, лейшманиоз).
Облыстық конференцияға медициналық ұйымдардан 70-ке жуық медицина қызметкері қатысты.
https://zko-infec.kz/kz/zhanaly-tar/256-terini-za-ymdajtyn-zh-paly-aurular-ta-yrybynda-y-oblysty-meditsinaly-jymdar-a-konferentsiya-tkizildi.html#sigFreeId4eb4331e6a