Қорытынды медициналық кеңес: Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы 2022 жылғы жұмысын қорытындылап, алдағы кезеңге міндеттерді белгіледі
«Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК Батыс Қазақстан облысында ересектер мен балалар инфекциясы бойынша ТМККК шеңберінде медициналық қызметтердің негізгі жеткізушісі болып табылады.
Қызметтің негізгі түрлері инфекциялық аурулар бойынша өңір халқына мамандандырылған медициналық көмек көрсету; инфекциялық аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу бойынша облыстың стационарлары мен МСАК – қа ұйымдық-әдістемелік және консультациялық көмек көрсету болып табылады.
«Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК-да 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылдың 12 айындағы қызметінің қорытындысы бойынша Медициналық кеңес өткізілді.
2022 жылдың 12 айындағы аурухана қызметінің қорытындысы бойынша директордың емдеу работе жөніндегі орынбасары В.М.Запрометова, директордың медициналық қызметтер сапасы жөніндегі орынбасары Т.Б. Бегеев, бас экономист Г.Р.Победимова, клиникалық фармаколог Г.С. Байдишева, бас медбике Л.И.Нұрмұханова баяндама жасады.
Медициналық кеңестің қатысушыларына аурухананың қызметін талдаумен презентация ұсынылды. Баяндама барысында күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселелер бойынша белсенді талқылау жүргізілді, ұсыныстар берілді, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша шешім жолдары анықталды. Жалпы, жұмыс қанағаттанарлық деп танылды.
Қорытынды сөзбен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры-Надия Абриковна Ахметова ұжымға үйлесімді және тиімді жұмысы үшін алғысын білдірді, сондай-ақ ұжымға 2023 жылы шешілуі қажет маңызды міндеттер туралы айтты.