Жыл сайын 12 мамырда Флоренс Найтингейл ұсынған Халықаралық мейіргер күні атап өтіледі. Ол мейіргер ісінің негізін қалаушы болып саналады, ол қоғамдық санада және мейіргердің қоғам денсаулығындағы рөлі мен орны туралы көзқарастарда төңкеріс жасады. Бүгінде бұл кәсіптік мереке 50-ден астам елде, оның ішінде Қазақстанда да атап өтіледі.
Мейіргерлердің денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлі жыл сайын маңызды бола түсуде. Уақыт талаптарына сәйкес орта медицина қызметкерлерінің емдеу процесіне қатысуы артып келеді, пациенттің денсаулығы үшін кәсіптік жауапкершілік сияқты функционалы кеңеюде. Шынында да, науқастарға барлық қамқорлықтың 80%-ын орта медицина қызметкерлері атқарады.
Мейіргерлер денсаулық сақтау жүйесіндегі ең көп кәсіптік топтардың бірін құрайды.
Мереке қарсаңында 10 мамыр күні Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінде «Халықаралық мейіргерлер күні» мерекесіне орай Қазақстан Республикасында халықаралық талаптарға сәйкес денсаулық сақтауды дамыту мақсатында «Мейіргер ісін дамытудың заманауи аспектілері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізілді, онда мейіргерлер, зертханашылар түрлі тақырыптарда баяндамалар жасап қатысты.
Сонымен қатар, Халықаралық мейіргерлер күні кәсіби мерекесіне орай, аурухананың мәжіліс залында салтанатты шара өткізілді. Салтанатты шара барысында аурухана директоры Ахметова Н.А, директордың орынбасарлары Запрометова В.М., Бегеев Т.Б. және аурухананың ардагерлері барлық мейіргерлерді, зертханашыларды төл мерекелерімен құттықтай отырып, адал еңбегі мен кәсіби шеберліктері үшін зор алғыс білдірді.
Мерекеге орай, бірқатар мейіргерлер облыстық денсаулық сақтау басқармасының, аурухана әкімшілігінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
ШЖҚ «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК әкімшілігі барлық мейіргерлерімізді кәсіптік мерекелерімен құттықтайды!
Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің, табандылықтарыңыз бен көп жылдық тәжірибелеріңіздің арқасында пациенттердің денсаулығы қалпына келеді, олар сауығып кететіндіктеріне сенеді.
Әрқайсыңызға отбасылық амандық, кәсіптік өсу, сарқылмас күш-қуат пен жағымды көңіл-күй тілейміз!
https://zko-infec.kz/kz/zhanaly-tar/267-khaly-araly-mejirger-k-nimen.html#sigFreeIdedd0089c79